Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (3 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Бас маман өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.

    3.2.  Бас маман:

          1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

          2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;

          3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

          4) функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

          5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;

          6) қызметтік тәртiпті сақтауға;

          7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;

          8) қызметтік әдепті сақтауға;

          9) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға;

          10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге;

          11) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

          12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға;

          13) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;

          14) лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;

          15) өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады;

          16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

          17) Инспекция қызметкерлерінің іс-құжаттарын әзірлеу; Қызметтік шығыс корреспонденцияларды жіберу және кіріс корреспонденцияларды тіркеуді қамтамасыз ету;

         18) Адресаттарға дейін қызметттік кіріс және шығыс корреспонденцияларды уақытылы жетуін қамтамасыз ету;

         19) Құжаттама басқармасы және құжаттандыру бойынша іс жүргізу жөнінде нұсқауды және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды  әзірлеу;

          20) Азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу мен есебін жүргізу, сонымен қатар олардың орындалуы мен оларға қолданылған шаралардың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

          21) Жалпы құжат айналым бойынша заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша есеп құру;  

         22) Инспекция бланкілер есебін қатаң қадағалау;

         23) Іс номенклатурасын  үлгісін келісу және әзірлеу;

         24)  Мемлекеттік мұрағатқа инспекцияның құжаттарын мұрағаттық өңдеу үшін өтінім дайындау және мемлекеттік мұрағатқа өңделген құжаттарды тұрақты сақтауға беруді жүзеге асыру;

        25) Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу және құжатпен қамтамасыз ету  бойынша бұйрықтарды әзірлеу;

        26) Мекеменің электронды поштасына, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне келіп түскен хаттар бойынша тіркеуді ұйымдастыру және жұмыс жүргізілуін қадағалау.

       27)  Инспекция басшысымен, оның орынбасарымен және бөлім басшысымен жүктелген басқа да тапсырмаларды орындау.

          Бас маманның өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 27.09.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    28.09.2022 – 06.10.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 555 - 945