Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, («С-О-5» санаты,) 1 - бірлік, индексі 04-5-7

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Кеден бекетінің бас маманы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

       Cтресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Функционалды міндеттер

             

Функционалдық міндеттер    Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды жүзеге асыру.  Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы аурулар қоздырғышын енгізу және таралуынан облыс аумағын қорғауға бағытталған шараларды іске асырады. Уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау.

Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық  -санитариялық бақылау және қадағалау дүргізеді. Экспорттау, импорттау, транзиттеу және республиканың ішінде тасымалдау кезінде бақылауға жататын мемлекеттік жүктерге ветеринариялық бақылауды жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ветеринариялық бақылауды ұйымдастырады. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзеді. Ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады,  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды салады, ветеринариялық есепті дайындаайдап ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 28 МБ

Сұхбаттасу күні

10.10.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

87172555945