Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, № 18-4.3-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес бөлім жұмысын ұйымдастырады. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың игерілуіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуіне бақылауды қамтамасыз етеді. Жедел ақпаратты ұсынады, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есепті жасайды. Бюджет қаражатын жоспарлау, бөлу және пайдалану мәселелерімен айналысады. ҚР АШМ АӨК МИК-не белгіленген мерзімде қаржылық есептерді жасайды және ұсынады. Материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуді ұйымдастырады. ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының елтаңбалы мөрін сақтайды. Активтердің, МБП және басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Материалдық және қаржы ресурстарының мақсатты және ұтымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатының қозғалысын жүзеге асыру. Бағынысты мемлекеттік қызметшілердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын және Мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауын бақылау. Құжаттаманы ресімдеудің дұрыстығын сақтау. Мемлекеттік қызметті өткеру бойынша құжаттаманың уақтылы ресімделуін және мемлекеттік стаж есептеу бойынша хаттамаларды жүргізуді бақылау. Тиісті органдарға есептіліктің уақтылы ұсынылуын және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді бақылау. Басқарманың іс қағаздарын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. Кіріс хат-хабарларын тағайындау және шығыс хат-хабарларын жіберу бойынша қабылдауды, тіркеуді және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді бақылау. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, Медеуский район, ул. Макатаева 15
-
+77172-555-885