Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, № № 18-4.1-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Заңнама шеңберінде облыс аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды үйлестіру, ұйымдастыру және жүзеге асыру; облыс аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу туралы Жеке және заңды тұлғаларға нұсқамаларды беру және олардың орындалуын бақылау; облыс аумағында фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және белгіленген тәртіппен есептілікті ұсыну; облыс аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау бөлім қызметкерлерінің тапсырмаларды, есептіліктерді, жұмыс жоспарын орындауын бақылау; Аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялардан қажетті мәліметтер алу; "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын бақылау;

Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басшылық етуді жүзеге асыру; бөлім қызметкерлерін көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізу, немесе заңнамаға сәйкес жаза қолдану; Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарларының орындалуына бақылау жасау; заң шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығы және астық нарығы саласында жұмысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету; бөлім қызметкерлерінің жұмыс уақытының сақталуына бақылау жасау (табель жүргізу) ; еңбек және атқару тәртібінің сақталуы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.09.2022 – 29.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, Медеуский район, ул. Макатаева 15

Анықтама алу үшін байланыс

+77172-555-885