Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары, санаты C-О-2, 1 бірлік, № 18-12-2
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Қызылорда облысы
379198
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Қаржы
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-9) Өз құзыреті шегінде Инспекция қызметін үйлестіреді; Инспекция басшысы болмаған кезеңде Инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді; реттелетiн саладағы мемлекеттiң аграрлық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттiк, ғылыми-техникалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады; зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитарлық мониторингті ұйымдастырады, фитосанитарлық іс-шараларды, фитосанитарлық есепке алу жүргізуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді; өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалардың және талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республика аумағын карантин аймағынан немесе шет елдерден карантиндік объектілердің енуінен немесе өз бетімен кіруінен қорғауды ұйымдастырады; карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады; фитосанитариялық есепті жүргізеді және ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 кіреберіс. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
(87172) 555-885