Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің жетекші маман (С-О-6 санаты, 2 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Маңғыстау облысы
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, кеден және шекаралық пункттердегі ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асыру (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтетін өткел пункті); Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауралары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын талап ету бойынша, жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының басқа мемлекеттерден әкелінуі мен таралуын қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүргізу; Ветеринария саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолдану; Экспорттау (импорттау) және транзиттеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың қызметінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; Ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген талаптарды орындау; Бөлімнің барлық іс қағаздарын, хат алмасу жұмыстарын7жүргізу; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзу; жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қою және жою, оларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру); ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтату және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідірту. Заңнамалармен және лауазымдық нұсқаумен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүргізеді. Заңнамаларға сәйкес басшы, бөлім басшысы мен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.10.2022
- Сұхбаттасу орны Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8-7172-555-945