Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, 1 бірлік (блок А).

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды, ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларды, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды бақылайды және қадағалайды. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты (импорты) кезінде оларды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде бақылайды және қадағалайды. Экспорты (импорты) кезінде жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша бақылайды және қадағалайды. Экспорт (импорт) кезінде тасымалдау (орын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарын бақылайды және қадағалайды. Құзыреті шеңберінде  ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың  қызметін бақылайды және қадағалайды. Құзыреті шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің өз функцияларын орындауын бақылайды және қадағалайды. Кеден Одағы аумағындағы мемлекеттерге, Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге ветеринариялық сертификаттар береді. Аумақтық бірліктегі эпизоотиялық жағдайды ескере отырып орын ауыстырылатын (тасымалданатын) жүктерді шығаруға, енгізуге  рұқсатқа сұраныс береді. Облыстық аумақтық инспекцияға берілетін  жетілік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оны бұзған тұлғалар туралы мәліметтерді АРМ ЕУСС бағдарламасына енгізеді және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына ұсынады және салыстыру актілерін тапсырады. Жеке және заңды тұлғалардан өтініштер, арыз-шағымдар түскен жағдайда № 1-ОЛ бағдарламасына енгізеді және сол бойынша есепті дайындайды, уақытылы тапсырады. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасымен тексерулер бойынша салыстыру актілерін жасайды. Ішкі құжат алмасуды  қадағалайды, кіріс және шығыс құжаттарды тіркейді, тіркеу журналдарын жүргізеді және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. «Е-қызмет» және «ЕСП (БТЖ)» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555-945