ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясының бас маман – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (1 Бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Түркістан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Аудан аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыруға және жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының жүргізілуіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде актiлер шығарады. Әкімшілік бұзушылықтар туралы істерді қарастыруды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұлдар салу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай басқа да құқықтарын жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8(7172)555-945