Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы , C-R-4 санаты, 1 бірлік
Қостанай облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталынуына мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Ет-сүт өнімдерінің өндірілу объектілерінде талап етілетін ветеринариялық – санитариялық ережелердің сақталынуына бақылауды жүзеге асырады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылаудағы ветеринариялық қадағалаудағы қызметпен айналысатын барлық шаруашылық жүргізетін субъектілерді және бөлек жеке тұлғаларды тексереді. Алдын алу бойынша өткізілген ветеринариялық шаралар жануарды емдеу мен диагностикасын, ҚР Үкіметімен бекітілген тізім бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың эпизоотиялық ауруларын бақылауын жүзеге асырады. Ветеринария саласында тексеріс нысанында және өзге де нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Ветеринариялық есеп және есептілікті жүргізеді және ветеринария саласындағы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсынады. Ветеринарлық құжаттар береді. Істерді қарастырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасайды, нұсқама береді және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен қарастырылған жағдайларда әкімшілік айыппұл салады. ҚР «Ветеринария туралы» Заңымен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8-717-2-555-945