Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, №18-9.07-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині туралы заңнамалары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.09.2022 – 29.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885