Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 04-1-17.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-5) Өсімдіктер карантині мәселелері бойынша инспекциялардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін мемлекеттік бақылауды және үйлестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнімді, карантиндік объектілердің ену немесе өздігінен ену саласын залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, олардың енуінің алдын алу, өсімдіктен алынатын өнімдерге рұқсат беру құжаттарын және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді береді. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін карантинге жатқызылған өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерін, Көлік құралдарын, қол жүгі мен багажын іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізу және әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік құжаттарды қарайды.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2022 – 26.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57В, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885