Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының Арал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, санаты C-R-1, 1 бірлік, № 18-12-02-1.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізу және инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болу; инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау; заңнамада белгіленген тәртіпте іс-сапарға жіберу, демалыстар беру, Инспекция қызметкерлерін мадақтау және тәртіптік жазаға тарту жөніндегі мәселелерді келісу; өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік арту;  жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау және карантин туралы заңнамаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асыру; Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет Қаулыларының орындалуын бақылау;  осы санаттағы бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес басқа да міндеттерді орындау. Блок - А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.09.2022 – 22.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Қызылорда қаласы, Бейбарыс-Сұлтан көшесі, 30Г, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885