Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, санаты С-2, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
621257
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ветеринария
- Экономика
- Биотехнология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Функционалды міндеттер
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды мониторингілеу және үйлестіру; сыртқы ұйымдарды, оның ішінде Министрлікке ведомствалық бағынысты ұйымдарды тарту құқығымен асыл тұқымды мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі, сондай-ақ оның кіші салалары (етті және сүтті мал шаруашылығы, етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы, қой шаруашылығы, Шошқа шаруашылығы, Түйе шаруашылығы, марал шаруашылығы, омарта шаруашылығы, жемшөп өндірісі) саласында стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, мастер-жоспарларды, даму болжамдарын, мемлекеттік және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылу барысына мониторинг; мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы заңнаманы жетілдіру; мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісіндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы талдамалық ақпараттың мониторингі; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; Жануарлар лизингінің, кредитінің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша мониторинг; мал шаруашылығындағы сақтандыруды субсидиялау бойынша; кеңестер мен өзге де іс-шаралар өткізу үшін мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы мәселелер бойынша баяндамалар дайындауға қатысу; ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерін және асыл тұқымды мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы өзге де салалық бағдарламаларды әзірлеу және түзету; асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы субъектілер қызметінің мониторингі; жайылым пайдаланушылардың жайылымдарды, сондай-ақ "Жайылымдар туралы" заң шеңберінде елді мекен жерлерін тиімді пайдалануына мониторинг жүргізу; мал суаруға арналған суландыру құрылыстарының мониторингі. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыру саласында мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетіктерін реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіру; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыру саласында қолданыстағылардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері мен нысандарын енгізу; асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы халықаралық байланыстарды дамытуды және кеңейтуді ұйымдастыру; Департамент қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша кеңестерге, бейнеконференцияларға қатысу. Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870