Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жекелеген азаматтардың ветеринариялық-санитариялық бақылауын жүзеге асырады. Ветеринариялық заңнама талаптарының орындалуын тексеру мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды зерттейді. - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру; - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық сертификат беру; - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан; - Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды табыс етеді; жеке кәсіпкерлік объектілеріне тексеріс жасау және талондар мен карточкаларды толтыру, заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген өзге  өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2022 – 14.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-945