ҚР АШМ ВБжҚК Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық аумақтық инспециясының басшысы, функционалдық А блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-R-1

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  8. ғылыми дәрежесінің болуы;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

- Инспекция жұмысына басшылық жасайды;

- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады:

- Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтау ,тасымалдау (жеткізу) және пайдалану;

- Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруға;

- Ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындау;

- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды анықтайды;

- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тамақ өнімдерін, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға, сондай-ақ олардың импорты, экспорты және транзиті кезінде;

- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу және ондағы ақпаратты жаңарту;

- Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына

- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;

- Ветеринариялық құжаттарды береді;

- Биологиялық материал мен орны ауыстырылатын объектілердің сынамаларын алуды, ветеринариялық зертханаға сынамаларды жеткізуді ұйымдастырады;

- Эпизоотологиялық тексеру жүргізеді;

- Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізуді ұйымдастырады, талдау жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2022 – 08.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.09.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-945