Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы-мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, №2.4-1-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

Карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлай және ұйымдастыра білу, олардың жеке және заңды тұлғаларымен орындалуын бақылау, заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жоспарлау;

 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қабілеті, зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден өнім жоғалтуды азайтуға әкелетін өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды бақылау, карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу және облыстың бас мемлекеттік инспекторына ақпарат ұсыну; мерзімді есептілікті жүзеге асыру - есеп құру мен оны Комитетке ұсыну, іс-қағаздарды жүргізу; жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, білу.

Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Мерзімді есептілікті жүзеге асыру-есеп құру мен оны облыстық Инспекцияға ұсыну.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2022 – 31.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі, 11А

Анықтама алу үшін байланыс

+77172555-885