Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (3 бірлік)

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Облыстық инспекция және аудандық, қалалық инспекциялар бойынша құқықтық жұмыстардың жағдайы мен заңдылықтардың  сақталуын тексеру.

    3.2. Алдына қойған мәселелері мен міндеттерін шешу үшін қалалық, аудандық инспекциялардан, басқа мекемелерден, сонымен қатар лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрау.

   3.3. Өз құзыры аясында басқа  мекемелермен байланысты жүзеге асыру.

 3.4. Инспекция қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және құқықтық жолмен оның мүліктік және заңды құқықтары мен мүддесін құқық қорғау органдарында, сотта қорғау.

   3.5.. Облыстық инспекциясының жұмысына қатысты басты құжаттарды (ереже, регламент, қағидалар) дайындау.

   3.6. Инспекцияда қабылданған шешімдердің, өкімдердің, бағдарламалардың, шаралардың және басқа да құжаттардың заңдылықтарын бақылау. Инспекцияда, оның құрылымдық бөлімшелерінде жасалған нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу, шарттардың дұрыстығын тексеру..

   3.7. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мен жүзеге асыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды дайындауға және оны жүзеге асыруға қатысу.

   3.8. Қазақстан Республикасының заңнамасын Инспекцияда насихаттау және түсіндіру, Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру, түсініктемелерін, ақпараттар, құқықтық сұрақтар бойынша хаттар дайындау. Прокурорлық әрекет ету актілерін қарастыру және орындау.

    3.9 Мемлекеттік қызметтер көрсетуде құқықтық көмекті жүзеге асырады, сотта Инспекцияның мүддесін көрсетеді. Қызмет тиімділігін арттыру мен жүзеге асыру саласында мемлекеттік бағдарламаларды дайындауға және оны жүзеге асыруға қатысу.

3.10 Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

3.11 Құқықтық құжаттармен жұмыс ерекшелігін білу, инспекцияның мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарынан туындайтын мәселелер бойынша құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде сот тәртібімен.

3.12 Инспекцияның жұмысына байланысты құқықтық құжаттарды дайындау.

3.13 Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары мемлекеттік қызметшілерінің заңсыз іс-әрекетіне (әрекетсіздіне) қатысты өтініштер мен шағымдарды қарап, қабылданған шешімдердің заңнамаға қайшы келмейтіндігін тексеріп, растау.

3.14 Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер банкін жүргізу.

3.15 Мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделері мен құқығы бұзылған жағдайда заңға сәйкес консультация беру.

3.16 Ішкі тәртіптің сақталуын, жүктелген міндеттердің сапалы да уақтылы орындалуын сақтау.

3.17 ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау саласында тексерістер жүргізу тәртібінің заңнамаларын түсіндіру, кеңестер беру, азаматтық-құқықтық шарттарды жасау.

3.18  Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының EUOL-нысанды статистикалық есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасына уақтылы тапсыру.

3.19  Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының «Айқын» жобасын жүзеге асыру сатысында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді бекітілген тәртіпте  тиісті журналға тіркеу, олар бойынша бірегей нөмірі бар талондар берілуін қамтамасыз ету және уақтылы автоматтандырылған деректер базасына кіргізілуін қадағалау. Өтініштер қаралып толық қанағаттандырылғанын бақылауда ұстау.

3.20 Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, сондай-ақ осы Заңның аясында қабылданып бекітілген бағдарламаларды түсіндіруге бағытталған тақырыптық жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру және жүргізу.

3.21 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы БАҚ-та мақала шығару, дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар өткізуді ұйымдастыру. Осы салаға байланысты Медиа жоспарларды бекіту, аудан, қалаларда сенім телефонының болуын, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жыл басында жариялануын бақылауда ұстау.

3.22 Облыстық инспекцияның және оның құрылымдық бөлімшелері қызметтерінде заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.

3.23 Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына жеткізу.

3.24 Инспекцияның қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес құқықтық сипаттағы бағыттар бойынша және жүктелген міндеттер аясында ақпарат беру.

   3.25. Қызметкерлерге заң саласында кеңес беру, инспекция қызметінде құжаттардың заң бойынша хатталуының дұрыстығын тексеру.

   3.26. Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларыныңда жемқорлыққа қарсы күрес туралы, заңнамаларды түсіндіруге бағытталған тақырыптық жалпыға бірдей құқықтық оқуды уйымдастыру және жүргізу.

   3.27. Инспекция басшылығы  жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.08.2022 – 27.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.09.2022

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945