Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
ҚР АШМ ВБҚК «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ
Ұлытау облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын жалпы ұйымдастыру және басқару, бухгалтерлік есеп ережелерін, Мемлекеттік сатып алу және бюджеттік заңнамасының бұлжытпай орындалуын қадағалау;
3.2. Инспекцияның бақылауындағы тұрған актілердің, құжаттардың жоғарғы органдардың актілері мен құжаттарының белгіленген мерзімде орындалуына бақылауды жүргізеді;
3.3. Қызметкерлердің іссапарлар бойынша аванстық есептемелерін қабылдап, «Бюджет-KZ» бағдарламасында №8 Мемориалдық сипаттағы ордерді жүргізу;
3.4. «Бюджет-KZ» № 9 «Активтердің шығу және ауыстыру жинақтаушы ведомосі» сипаттағы мемориалдық ордерді жүргізу;
3.5. Жыл аяғында негізгі қорларға түгендеме жасайды, тозығы жеткен мүліктерді есептен шығаруға дайындап, комитетке жіберу; негізгі қорларға ай сайын амортизация есептейді және статистика органына №11 нысанды есептті тапсыру, ЭССО отчетын тапсыру;
3.6. Ай сайын дебиторлық және кредиторлық қарыздар жөніндегі есепті жасау, ҚР АШМ ВБ және ҚК есеп беру; апта сайын қаражаттың орынды жұмсалуына талдау жасайды, № 4-20 формасын ҚР АШМ ВБ және ҚК есеп беру;
3.7. Ай сайын ағымдағы жылдың қаржы-детальдік жоспарымен жұмыс (өзгертулер енгізу, қаржыны қайтарып беру) жасау;
3.8. Мүдделі тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, шұғыл түрде келетін мәліметтер мен ақпараттарды уақтылы және сапалы жіберу;
3.9. Жарты жылдық және жылдық бюджеттік және шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, «Е-Минфин» электронды порталына енгізуін қадағалау;
3.10. Үш жылдық бюджеттік болжам өтінімін, жеке жылдық өтінім және төлем жоспарын «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидасына» сәйкес жасау және ұсыну;
3.11. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуды процедураларын өткізу және ұйымдастыру;
3.12. Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
3.13. Бюджеттік бағдарламалары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім шарттарды дайындау
3.14. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысының аумақтық инспекциясы, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының кадр жұмыстарына жауапты;
3.15. Бөлімдегі іс қағаздарын жүргізеді және оның сақталуын қадағалау (іс қағаздарын тігу,сақтау)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.09.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945