ҚР АШМ ВБжҚК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы биологиялық кауіпсіздік бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды тапсырады;
- Ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуіне және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. А функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2022
- Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57В, 388 каб
-
87152533657,87775245439