Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, № 5-09.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Тиісті әкімшілік аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға тиісті әкімшілік аумақта өсімдіктер карантині және фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау. Фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыруАудан аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс – шаралардың жүргізілуін бақылайдыТиісті әкімшілік аумақта «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес, фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс–шаралардың жүргізілуін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды тасымалдауды және қолдануды, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай – күйін, лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бас маман – өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы айлық, жылдық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық жоспарларына сәйкес қызмет атқарады, олардың аудандағы, қаладағы шаруашылық жүргізу субьектілерге «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Өсімдіктер карантині» Заңдарының талаптарын орындау жағдайын тексеріп акт ескертпелер жазу, ӘҚБТ Кодексінде көрсетілген тармақшалары мен түзілген  іс – жоспарға сәйкес айыппұл салу міндеттерін атқарады. Қазақстан Республикасының «ӘҚБТ» Кодексінің тиісті баптарында көзделген Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Өсімдіктер карантині» Заңдарындағы әкімшілік–құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік істерді қарайды. Шетелдік тұқымдар мен көшеттік материалдармен өндірілген пайдаланатын жерді, егістікті және көшеттерді, астық қабылдау пункттерін, қоймаларды және басқа да күй-жайды тексеруді жүргізеді. Карантиндік объектілердің таралу есебін жүргізеді, сондай-ақ, мүдделі адамдарға ақпарат береді. Карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандырудың ұйымдастырылуына және оны өткізудің сапасына бақылау жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік тексеруді, үлгілерін іріктеп алуды, зертханалық сараптамадан өткізуді бақылайды және фитосанитарлық (карантиндік) сертификат береді. Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың белгіленген карантиндік Ережені және іс–шараларды орындауына бақылау жүргізеді. Бас маман – өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы халық арасында өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар береді.   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2022 – 24.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885