Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маман (асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы), санаты С-О-6, 1 бірлік, № 2-05.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Асыл тұқымды мал шарушылығы саласындағы субъектілерінде асыл тұқымды малдардың ұсталуын, азықтандыруын, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтауын тексеру.Асыл тұқымды мал шарушылығы саласындағы өз қызметін бастағаны туралы хабарлама берген жеке заңды тұлғалар көрсететін қызмет сапасын тексеру. Селекция және асыл тұқымды өнімнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехникалық әдістердің қолдануын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдану. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдау және ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңына сәйкестігін тексеру. Инспекция бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мәліметтер банкін жүргізуге, тиісті есептерді тапсыруға жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақтау.Қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді қатаң сақтау. Мемлекеттік қызметші өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жәйттері туралы жеткізу. Инспекция басшылығы  жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2022 – 24.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885