Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есеп жүргізуді, Комитеттің орталық аппаратында республикалық бюджеттің атқарылуын, бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың атқарылуы бойынша жиынтық экономикалық талдау жүргізуді, қаржыландыруды ұйымдастыру және Комитет әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың атқарылуына талдау жүргізуді, Комитетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, анықталған, негізделген және уақытылы бухгалтерлік есеппен есептілік жүргізу; материалдық және еңбек ресурстарын мақсатты, ұтымды пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету; Ведомстволық бағыныстағы мекемелерден бухгалтерлік, тоқсандық және жылдық есептерді қабылдау бойынша, орталық мемлекеттік органның белгіленген тәртібінде және мерзімінде жиынтық есеп-қисаптарды дайындаумен ұсыну; орталық мемлекеттік органның белгіленген тәртібінде және мерзімінде салық және статистикалық жылдық, тоқсандық және айлықесеп-қисаптарды дайындаумен ұсыну; Міндеттемелермен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеуге, бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражатты ұтымды жұмсауды, сондай-ақ ақшалай қаражатпен материалдық құндылықтарды сақталуына бақылау жүргізу. Комитеттің орталық аппаратында, ведомстволық бағыныстағы мекемелерге түгендеу жүргізуге бақылау жасау және активтерді, МБП, материалдарды түгендеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.08.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2022 – 15.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172740883

87014262666