Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік, № 18-9-5.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу  заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-4) Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивалық құжаттары мен тапсырмаларын орындау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық инспекциялардың бюджеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы Қаржыландыру жоспарының (бухгалтерлік баланстың) орындалуы бойынша есептерді талдау, жинақтау; төлем шоттарын дайындау және жөнелту; шарттарды тіркеу; бюджет қаражатын игерудің ай сайынғы мониторингі) Аумақтық бөлімшелер және Комитет бойынша ақпаратты жинау және өңдеу); ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық инспекциялардың штат кестесін келісуге қатысу; дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептерді жасау; комитеттерге және оның аумақтық бөлімшелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару, айырбастау, сатуға беру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; автокөлік пен негізгі құралдардың болуы бойынша есептерді талдауды, жинақтауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2022 – 29.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд, мекен жайы бойыншаөткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885