Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік, № 18-2-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу  заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-5) Карантиндік объектілердің ошақтарын зерттеп-қарау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылау; пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар өткізуге материалдар дайындауға қатысу, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеулерді жүргізу жөніндегі шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысқа қатысу; карантинге жатқызылған өнімнің республикаішілік өтуін бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; аумақтық инспекциялар ұсынатын өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу; құжаттарды, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; Министрліктің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2022 – 29.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд, мекен жайы бойыншаөткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885