Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-8-2.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок В-5) Комитеттің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Комитет дайындайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізу; барлық сот сатыларында Комитеттің наразылық-талап қою жұмысын жүргізу; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу; тиісті құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар еткен жағдайда шарттық міндеттемелерді орындамайтын өнім берушілерге қатысты шаралар қабылдау; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Комитет жасасатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолдануға қатысу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, басшылықтың, басқарма басшысының тапсырмаларын орындау; Комитетте тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді үйлестіру; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына заң көмегін көрсету, Комитеттің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; басқарма басшысына басқарма жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2022 – 25.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885