Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-2-4.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы,Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-6) Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларда селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алу мен есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың импорты бойынша ақпарат дайындау; Қазақстан Республикасының асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарының қоймаларында тұқымдық бұқалар ұрығының болуына мониторинг жүргізу; Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыру барысы туралы деректерді жинау және талдау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы жеке және заңды тұлғалар хабарламаларының тізілімін жүргізу; Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, оның ішінде бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша; агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2022 – 25.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885