Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік,№ 18-3-2.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы,Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, Стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-6) «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу», «Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензия беру», «ЕЭК алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу сынақтарын және /немесе ғылыми зерттеулер жүргізу үшін үлгілерді, тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелуге қорытынды беру» мемлекеттік қызметін жүзеге асыру; пестицидтер импортын келісу, ҚР аумағына әкелінетін пестицидтердің электрондық тізілімін жүргізу; пестицидтердің тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізуге заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және қарау; пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу, пестицидтерді қолдану регламенттерін токсикологиялық бағалау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарларын жасау және бекіту; тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; «ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізімін» және оған жыл сайынғы толықтыруларды дайындау; пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және лицензиялау, мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру және автоматтандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және лицензиялау мәселелері бойынша материалдарды дайындау; басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
87172-555-885