Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, № 13-2.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-4) Әкелінетін, шығарылатын карантинге жатқызылған өнімдерге, көліктерге, жолаушылардың жүктері мен қол жүктеріндегі өсімдіктерге үнемі карантиндік тексеру жүргізу, карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық, карантиндік сертиификаттар беру. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, дайындаумен, өңдеумен, сақтаумен, тасумен, сатумен байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың, карантиндік шараларды орындауына бақылауды жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралуына есеп жүргізу, бақылау зерттеу жүргізу, шетелден әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерді өңдейтін, сататын шаруашылық субъектілеріне бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктер карантині бойынша шаралардың орындалуы туралы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдар шығару және олардың орындалуына бақылау жасау, өсімдіктер карантині жөніндегі заңдылықтарды бұзған лауазымды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сәйкес зиянкестермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, арам шөптермен күрес шараларын уақытылы өткізуді ұйымдастыру. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 75-үй, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885