Жер мониторингі, сараптама және есеп бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор С-О-5 санаты
Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Қызылорда облысы
230000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ұзақ мерзімді және ағымдағы бекітілген жоспарлар бойынша шараларды атқару, бөлімнің жұмысын жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Жоғарғы органдар тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
Жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына;
мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне;
мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;
жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына;
жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;
жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына;
межелік белгілердің сақталуына;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;
бүлінген жерлердің рекультивациялануына;
жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды жүргізеді
Тексерудi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзу;
Тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеу;
Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беру;
Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беру;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін құжаттарды тиісті органдарға заңмен белгіленген мерзімде жолдау және бақылау;
Департамент мүддесін жер заңнамалары мәселелері бойынша сот процестерінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарда қорғау;
Жеке және заңды тұлғалардың өтінштеріне уақытылы, сапалы жауап беру;
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласы бойынша қабылдануы тиіс нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар беру;
Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті органға ақпарат жіберу;
Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
Ішкі еңбек тәртібі Ережесін сақтау;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде қызметтерді атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №27
-
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №27 мекен жайы бойынша, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(7242) 40-02-44 (ішкі 9103) 8-700-106-19-89. Электронды пошта dzemkzo@mail.ru