ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы, C-5 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 10 ақпанға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
211313
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттарының жобаларын әзірлейді:
- Саланы дамыту Тұжырымдамасы;
- Саланы дамыту жөніндегі Ұлттық жоба;
- Министрліктің Даму жоспары;
- Министрліктің Операциялық жоспары;
- Министрліктің «Мақсаттар ағашы»;
- Министрліктің Басқару есептілігінің картасы;
- Департаменттің Жылдық жоспары;
- Басқарманың жұмыс жоспары;
Департамент үшін қажетті шығындар бойынша Бюджеттік өтінімдер; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар дайындайды; Министрліктің Аппарат Басшысымен бекітілген бекітпеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде өзге де нормативтік құқықтық актілерді түзету немесе әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; Министрлікте басқару жобасы әдісімен стратегиялық құжаттарды әзірлейді, мониторинг жүргізеді, іске асырады; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
555 870