Ішкі аудит департаменті Мониторинг және бағалау басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

1) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы және мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы;

2) Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Азаматтық кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да  нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау, Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметінің тиімділігіне белгіленген мерзімде ішкі бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; Министрлікте жылдық жоспардың орындалу мониторинг жүргізу; бюджет шығындарымен байланыстыра отырып Министрліктің Даму жоспар мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына талдау жүргізу; қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу; Министрлікте, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты олардың барлық қызмет бағыттары бойынша тексеру жүргізуге қатысу; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); Басқарманың штаттық кестесі, кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша, Басқарманың қызметкерін ынталандыру бойынша, Басқарманың қызметкерін тәртіптік жаза қолдану шаралары бойынша, қолданыстағы заңнама нормаларын бұзуға жол берген бойынша ұсыныстар дайындап енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.06.2022 – 24.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870