Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Астана қаласы
180518
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ветеринария
- Менеджмент
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау, уақытылы тіркеу және тиісті орындаушыға орындауға уақытылы берілуін қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және уақытылы қаралуын қадағалау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәліметтерді «Е-Өтініш» АЖ-де және «Documentolog» АЖ-де дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ есебінің дұрыс қалыптасуын және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету; келген және жіберілген корреспонденцияны уақытылы өндеу және тиісті орынға жеткізуді қамтамасыз ету; Инспекцияда мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды сақтау және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған істер мен құжаттарды қабылдау және тіркеу; іс номенклатураларын әзірлеуге қатысу, істер мен құжаттарды мұрағатқа тапсыру кезінде қалыптасуының және ресімделуінің дұрыстығын тексеру; қолданылып жүрген ережелерге сәйкес сақтау бірліктеріне шифр беру, істерді жүйелендіру және орналастыру, олардың есебін жүргізу; тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлау азаматтарды қабылдау кестесін құру жұмыстарын және азаматтарды қабылдау бойынша есеп беруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.06.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6 А
-
87172561767; 87007529562; 87076408899