Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкейордасы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы («С-R-4» санаты, 1 бірлік), индексі - 04-04-1.
ҚР АШМ ВБҚК «Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ
Батыс Қазақстан облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырылған байқаушылар қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуы мүмкін.
Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидатта техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
-Аудан аумағындағы ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс- шаралар (вакцинация, диагностика, бірдейлендіру т.б) жоспарының орындалуын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
-Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
-Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;
-Жануарлар өнімдерін сақтайтын және өткізетін ішкі сауда объектілерінде және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда бақылау мен қадағалауды жүргізеді;
-Ветеринария саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолданады, сондай-ақ ветеринария саласындағы Заң бұзушылықты түзету туралы нұсқамалар береді;
-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай экспорттау кезінде орны ауыстырылатын объектілерге ветеринариялық сертификат береді;
-Ветеринария саласындағы бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сай мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;
-Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша аса қауіпті аурулардың ошағы пайда болған кезде эпизоотиялық зерттеу жүргізіп, эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды және патологиялық сынама алу жұмыстарына қатысады, сондай-ақ сауықтыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күн сайын жүзеге асырады;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша жаңадан әкелінген немесе әкетілетін ауыл шаруашылығы малдарын карантинге қояды және карантиндеу нәтижесі бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін жасақтайды;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша бруцеллез ауруына оң нәтиже берген малдарды оқшаулап, жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді және күнтізбелік 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) жібереді, сондай-ақ санитариялық сойылған малдардың биологиялық (патологиялық) сынамалары ПТР әдісімен теріс нәтиже берген кезде, жануарлар иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлары мен олардың аумақтарына санитариялық тазарту (механикалық тазарту), дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу туралы нұсқама береді және күнтізбелік 15-20 күннен кейін жануарларға қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруына қарсы алынған қан сынамасы тізімдемесін «Ауылшаруашылығы жануарларының бірдейлендіру жөніндегі дерекқорына» сәйкестігін 1 жұмыс күні ішінде тексеріп, қолымен және мөрімен растайды;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне және олардың күтіп-ұсталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізеді;
-Сайқын, Мұратсай, Орда және Бисен ауылдық округтері бойынша қолайлы эпизоотиялық бірліктерде, сондай-ақ қолайсыз эпизоотиялық бірліктерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қояды және жояды, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысады, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;
-Ай сайын 1-вет, 2-вет, 12 –вет нысанындағы есептерді, құс тұмауы, шошқаның африкалық обасына қарсы жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметін, орны ауыстырылатын объектілердің экспорты, импорты туралы айлық есепті, уәкілетті органдар тарапынан жүргізілген тексерулер туралы нысандары бойынша айлық ақпаратты, ветеринариялық – профилактикалық (вакцинациялау), диагностикалық (серологиялық), бірдейлендіру іс-шараларының орындалуы туралы апталық мәліметті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясына жолдайды;
-Ветеринариялық құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығында көрсетілген стандарттар мен регламенттерді қатаң сақтайды;
-Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.06.2022
- Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуді Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі 75 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-сінде өтеді
-
8 (7112) 50-68-02