Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік ( негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 30.05.2022 ж. бастап 03.03.2025 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа да бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын талдау және мониторингілеу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында болжауды жүзеге асыру, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және тамақ өнеркәсібі теңгерімін жүзеге асыру; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мониторингін жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімі мен тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді, өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу саласында бюджеттік өтінім және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу және тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870