Ішкі аудит департаменті Ішкі аудит басқармасының бас сарапшысы-мемлекеттік аудиторы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
1) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы және мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
2) Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Азаматтық кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік аудит органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуі, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімделігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі аудитті жүзеге асыру; Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауын тексеруді жүзеге асыру; Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мекемелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалау; есеп және есептілік жүргізудің шынайылығы мен дұрыстығын аудитті жүзеге асыру; бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына аудит жүргізу; аудиттік есеп жасау; аудит объектісінде анықталған нақты мерзімге арналған бұзушылықтардың нәтижелері, бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен шарттар және жұмыстағы кемшіліктер, сондай-ақ, оларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жасау; мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасауға қатысу; аудит объектілеріне жіберілген ұсыныстардың және аудит нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындауын бақылауды жүзеге асыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеу; ішкі аудит қызметі жүргізген аудит іс-шараларының нәтижелері туралы есепті жасау және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсыну; ведомстволық бағынысты ұйымдарда Басқарма жүргізген тексеру материалдарын қорыту, талдау және Министрлік басшылығына жүргізілген тексеру қорытындылары туралы тиісті ақпаратты дайындау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы, 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870