Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік ( уақытша, негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде, 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін)
ҚР АШМ ВБҚК «Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ
Атырау облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Блок (А).
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан ветеринариялық бақылау бекеттерінде, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және орнын ауыстыру кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асырады; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды табыс етеді; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; Реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2022
- Атырау қаласы, Лесхоз мөлтек ауданы, 49а, 3 қабат, 6 кабинет
-
телефон: 8 (7122) 28-10-07, 8(7122) 28-16-91