Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантині және өсімдіктер қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 2-19.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

(блок А-5)

карантинді объектілдер ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады; фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама  жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық  бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мортабан басады; карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі  мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объекілердеен бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды сесепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және  қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады; әкетілген карантинге жатқызылған өнімді тиеп жөнелту орындардарында тұрақты карантиндік жете тексеруді, қажет болғанда үлгілерін алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді; өсімдіктен алынатын өнімді өсіретін, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға,суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп- қарауды жүргізеді; карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді; импорттық себу метариалдары мен отырғызатын материалдардың карантинді объектілерінен және бөтен текті түрлерімен жасырын залалданған - залалданбағанын зерттеу жөніндегі іс- шараларды ұйымдастырады және бақылайды; Қазақстан Респулбикасының өсімдіктер қорғау және карантині саласындағы заңнамасының сақталуын қадағалайды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және оның орындалуын бақылайды; мемлекеттік қызмет көрсетеді; фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды, өсімдік қорғау және карантині бойынша есептермен ақпараттарды дайындайды; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантині саласында басқа да лауазымдық міндеттерді атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.05.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.05.2022 – 11.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі 15, Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555-885