Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Қайта өңдеу және кооперация басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 06.12.2018 ж. бастап 22.09.2021ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Аймақтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа да бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласын талдау және мониторингілеу, өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында болжауды жүзеге асыру, өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерінің түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелеріне талдау жасау, елдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін дамытуға бағытталған шараларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында нормативтік құқықтық актілердің және халықаралық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; өңірлік кооперацияларды мониторингтеу және сүйемелдеу; ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациясы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу; Басқарма құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz