Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және мемлекеттік қызметтер мониторингі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзырына кіретін құжаттардың, оның ішінде бақылаудағы хаттардың және Комитеттің, Басқарма басшысының тапсырмаларының уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық шараларды ұйымдастырады және олардың орындалуын үйлестіреді; ветеринариялық алдын алу шаралары бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлайды және жүзеге асырады, олар бойынша қажетті ақпаратты уақытында әзірлейді; уәкілетті орган бекіткен тізімге енгізілген, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін қолданылатын ветеринарлық препараттардың республикалық қорын құрады және бөледі; бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринарлық препараттарды, оларды республикалық қорға енгізе отырып, сақтауға, тасымалдауға (жеткізуге) және қолдану үшін бөлуді және бақылауды жүргізеді; өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы тәртібімен анықталған, техникалық регламенттермен бекітілген талаптардың орындалуына бақылау жүргізеді; өз құзыреті шегінде ветеринария мәселелері және олар туралы белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты дайындайды, аумақтық инспекциялардың және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін жақсарту жөнінде шаралар жоспарының орындалуын бақылайды; Заңнамамен анықталған тәртіпте (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті шешімі жобасын дайындау және келісімдеу, осыған қатысты Комитеттің комиссия құру және басқада керекті құжаттарды дайындау) ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен жергілікті атқарушы органдардың  коммуналдық меншіктеріне беру рәсімін жүргізеді; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған, ветеринариялық препараттардың өз уақытында жеткізілуіне бақылау жүргізеді; ветеринариялық препараттардың жеткізілу актілерінің рәсімделуіне бақылау жүргізеді; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған, ветеринариялық препараттарды бөлуді қамтамасыз етеді; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тоқсандық және ай сайынғы ақпараттарды дайындайды; басқарма басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, арыз-шағымдарын қарастырады, олар бойынша Комитет басшыларына ұсыныстар және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген мерзімде жауаптар әзірлейді; басқарама құзыры шеңберінде ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтауды талдауды және ұсынуды жүзеге асырады; ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелерінің жұмыстарына бақылау мен қадағалаудың іске асырылуын үйлестіреді және бақылайды; биологиялық қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағындағы  ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісімдейді; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында айқындалған тәртіппен, Басқарманың құзыреті шегінде  басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ветеринария саласындағы құзырлы органдарымен өзара қарым-қатынас жүргізеді; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас жүргізеді; Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттілікті іске асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2022 – 03.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.05.2022

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945