Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Қаржы құралдары басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
208036
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағыларын жетілдіру, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуді субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу; агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу; «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредиттік/лизингтік қызметін ұйымдастыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу; Басқарма құзыреті шегінде іске асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі бюджеттік бағдарламаларды әкімшілендіру; Агроөнеркәсіптік секторда бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және келісу; құзыреті шегінде Басқарма, Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870