Егіншілік департаменті Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
272457
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқа жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласына талдау және мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыммен қамтамасыз етуге және инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және халықаралық құжаттарды, әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық регламентерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында құқықтықт маниторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-870