Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 04.04.2022 ж. бастап 10.02.2025 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады; Министрліктің даму жоспары, Министрліктің операциялық жоспары, Премьер-Министр мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында меморандум, Министрліктің «Мақсаттар кескіні», Министрліктің Басқарушылық есептілік картасы, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген Агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерін есептеу әдістемесі, Департаменттің жылдық жоспары, Басқарманың жұмыс жоспарын жүзеге асырады; Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;  Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру бойынша мониторингтік және талдамалық есептерді қалыптастырады (Қазақстан Республикасы Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама, мемлекеттік бағдарламалар, Министрліктің даму жоспары және т.б.); Министрліктің дамытатын салалардағы ахуал туралы талдамалық есептерді қалыптастырады; Агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту бойынша олардың мониторингі мен талдауын жүзеге асыру негізінде ұсыныстар әзірлейді; Министрлік нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді; Статистикалық жұмыстар жоспарын әзірлеуге қатысады;  Агроөнеркәсіптік кешендегі статистиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Ауыл шаруашылығы министрінің халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізуге қатысады; Министрліктің операциялық жоспарын, Департаменттің жылдық жоспарын іске асыру туралы тоқсан сайынғы есептерді қалыптастырады; Орнықты даму мақсаттары міндеттері мен көрсеткіштерін енгізу және мониторингілеу бойынша жұмысқа қатысады; Үкімет отырысында қарау үшін мәселелер тізбесін қалыптастырады; басқарма құзыретіне жататын бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етеді, Министрлікте жобалық басқару арқылы стратегиялық құжаттарды әзірлейді, мониторингілейді және іске асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар қаулыларының, заңдарының және басқа да нормативтік құжаттарының жобаларын қарайды; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.04.2022 – 20.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870