Қостанай қалалық аумақтық инспекциясы бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (уақытша, бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 03.02.2021 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Өсімдік қорғау және карантин

Функционалды міндеттер

Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын құрастыру, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Ішкі сауда нысандарында шағарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Өсімдіктер карантині жөніндегі  ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына  бақылау жасайды. Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өкілеттіктерді және басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Жарияланған күні: 20.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.05.2020 – 25.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    27.05.2020

    Сұхбаттасу орны

    Қостанай қаласы, Л.Беды көшесі, 23а

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7142) 37-40-75, 51-52-61