Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы М.Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі инспекторы, санаты C-R-4, 1 бірлік № 13-1;

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу;  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4)

Сеніп тапсырылған аумақта қауіпті және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады. Ауданда өсімдіктерді қорғау саласында фитосанитариялық бақылауды және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнімді, карантинді объектілердің әкеліну немесе өздігінен ену саласын залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, олардың енуінің алдын алу, өсімдіктен алынатын өнімдерге рұқсат беру құжаттарын және лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзге де міндеттерді береді

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2022 – 14.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57-В үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555-885