ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және тасымалданатын объектілер бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Барлық көлік түрлерімен тасымалданатын - жануарларды, жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды және басқа бақылаудағы жүктерді импорттық, экспорттық, транзиттік және ішкі тасымалдау (орын алмастыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады. Импортталып жатқан бақылаудағы жүктерден ветеринариялық нормативтермен және азық қауіпсіздігімен талап етілетін олардың сәйкестігін анықтау мақсатында оларды зертханаға жіберу үшін сынаманы алуды (қажет болған жағдайда) жүргізеді. Бақылаудағы жүктерді экспорттық, импорттық тасымалдау кезінде ветеринариялық закңнаманың анықталған бұзушылықтар туралы тікелей басшылыққа хабарлайды және табылған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Үшінші елдерден бақылаудағы жүктерге ветеринариялық құжаттарды рәсімдейді. Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылаумен бақыланатын тасымалданатын жүктер бойынша есепті қабылдайды және құрастырады. Бұйрықпен бекітілген, істерді қарастырады, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде хаттама жазады, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен қарастырылған жағдайларда нұсқама береді және әкімшілік айыппұл салады. ҚР «Ветеринария туралы» Заңымен белгіленген басқа функцияларды жүзеге асырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.05.2020 – 27.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.05.2020

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 43 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 532-150, Наурзбаева Галия Галихановна  - осы Инспекциясының кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы