Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері, санаты С-О-5, № 1-06.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
С-О-5 (блок B-4)
Функционалдық міндеттер: Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының жалпыға бірдей құқықтық оқуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына арналған оқу жоспарын ұйымдастырады және оларды жүзеге асыруға қатысып, олардың орындалуын бақылап отырады. Өзіне тапсырылған тиісті жұмыстарға және хаттарға жауап береді. Инспекция басшысына қол қоюға ұсынған келісім-шарттар, регламенттер, қаулылар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының нормативтерге сәйкестігін тексереді, қол қоюға берілген құжаттардың тиісті талаптарға сәйкес болған жағдайда, оларға белгі соғады. Талаптар мен шаруашылық дауларын қарау кезінде анықталған облыстық аумақтық инспекциясының барлық бөлімдері, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының кемшіліктерін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды және бұл ұсыныстарды басшылыққа хабарлайды. Аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құжаттарының нормативтерге сәйкес жүргізілуін тексереді және практикалық методикалық құқықтық көмек көрсетеді. Комитетке инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды. Аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларында салынған айыппұл тексеру жұмыстары бойынша құжаттарды талап етіп, бөлім басшысына ақпарат дайындайды, құжат айналымы бойынша нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына жауапкершілік алады. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының салынған айыппұл туралы мәліметтерді жинайды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеу журналдарын жүргізеді, құзырлы органдар жүргізген тексерулерді тіркеу журналын жүргізеді. Облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларында заңнаманы қолдану практикасын қорытып, ұсыныс жасау. Әр айдың соңғы күні бөлім басшысына жазбаша түрде атқарылған жұмысы бойынша ақпарат береді. Облыстық аумақтық инспекциясында, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларда қолданыстағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы мен іс жүзіне асырылуын бақылайды. Комитетке инспекцияның құқықтық жұмысы туралы есебін дайындайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі дөңгелек үстелдерді ұйымдастырады, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының қорытынды есептерін облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшыларынан жинақтап алады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жаңа қала м/а , 32 көшесі, 16 ғимарат
-
87172 555-885