Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, № 3-18.
ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы
Түркістан облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
С-О-5 (блок А-5)
Функционалдық міндеттер: Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік саясатты іске асырады. Өсімдіктер карантині саласында жасалынған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады. Фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы әкелінетін, әкетілетін, транзиттелетін карантинге жатқызылған өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдерге фитосапнитариялық бақылау қадағалауды жүргізу, қажет болған жағдайда, тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерден үлгілерді іріктей отырып, зертханалық сараптама жүргізеді.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар – көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өтуге (не өтуге рұқсат жоқ) туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабанды басады. Жолаушылардың багажындағы және қол жүгіндегі өсімдіктер салымына карантиндік тексеру жүргізеді. Әкелінетін және транзиттелетін карантинге жатқызылған өнімдерде карантиндік құжаттарды (фитосанитарлық сертификат) тексереді. Қазақстан Республикасының өсімдіктер саласындағы заңдарына сәйкес жүк иелеріне тиісті карантиндік шаралар жүргізу туралы нұсқама береді. Аумақтық басқармаларға жүк баратын орынға карантинге жатқызылған өнімнің өтуі туралы карантиндік хабарлама жібереді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Күнделікті, айлық, тоқсандық және жылдық мәліметтерді уақытылы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі инспекция бөліміне беру. Күнделікті мәліметтерді бірегей автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы Астана-1 бағдарламасы бойынша компьютерге енгізу және қажетті мәліметтерді беру.Фитосанитариялық бақылау бекеттері бойынша жауапты мемлекеттік инспектор ай сайын жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс табелін толтырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а , 32 көше, 16 ғимарат
-
87172 555-885