Абай аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы, санаты С-R-4, № 07-1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Қарағанды облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Биология
- Экология
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Функционалды міндеттер
(блок А-4)
карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау, жою және олардың таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлайды және ұйымдастыру; қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығарады және оның орындалысын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды рәсімдеу; өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; өсімдіктер карантині саласындағы іс-қағаздарды жүргізу; жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, үйрену.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 11 А
-
(87172) 555-885