Егіншілік департаменті Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

272457

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Биология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Өсімдік шаруашылығы саласының дамуына талдау және мониторинг жүргізу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру  мәселелері бойынша мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы саласында  ғылыммен қамтамасыз етуге және инновациялық технологияларды дамытуға жағдай жасауға қатысу; өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы мәселелері бойынша халықаралық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында құқықтық мониторинг жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік құқықтық негіздін мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2022 – 01.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870