Мал шаруашылығы департаменті Асыл тұқымдық істі және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

428566

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; асыл тұқымдық іс және жемшөп өндірісі саласындағы мемлекеттік аграрлық саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу; ауыл шаруашылығы жануарлары үшін азықтардың экспорт-импортына мониторинг; елдің азық теңгерімін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде жасау; Президент пен Үкіметтің тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындау, асыл тұқымды мал шаруашылығын және жемшөп өндірісін дамытудың салалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, мекемелерде өкілдікті жүзеге асыру; салалар және жемшөп өндірісі бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мониторингі; асылдандыру ісінде және жемшөп өндірісінде мемлекетаралық байланыстарды дамыту жөніндегі жұмысқа қатысу; асыл тұқымды мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы субъектілер қызметінің мониторингі, асыл тұқымды желіні кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу; асыл тұқымды өнімнің (материалдың)экспорт-импорты мәселелері бойынша талдау және ұсыныстар енгізу; жайылым пайдаланушылардың жайылымдарды, сондай-ақ "Жайылымдар туралы" заң шеңберінде елді мекен жерлерін тиімді пайдалануын талдау; мал суаруға арналған суландыру құрылыстарының мониторингі; ауыл шаруашылығы өндірісіне асыл тұқымды мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласында сынақтан өткізілген селекциялық жетістіктерді енгізу мониторингі; асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу; республиканың асыл тұқымды мал шаруашылығындағы, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердегі негізгі көрсеткіштерді мониторингтеу, талдау, болжау және саланы дамыту, жаңа технологиялар трансферті жөнінде ұсыныстар енгізу; озық технологиялар мен инвестициялық жобаларды, мал шаруашылығы (асыл тұқымды) өнімінің экспорт-импортын енгізу, мал шаруашылығы мен Құс шаруашылығындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарларын жасау мәселелері бойынша бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және басқа да ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктерді байқаудан өткізу мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; асыл тұқымды малды қарау бойынша семинарлардың, көрмелердің, аукциондардың материалдарын жинау және қорыту; "селекциялық жетістіктерді қорғау туралы"Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қатысу. Мал шаруашылығындағы және жемшөп өндірісіндегі асыл тұқымдық іс саласындағы заңнаманы жетілдіру, мал шаруашылығындағы және жемшөп өндірісіндегі асыл тұқымдық іс саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, мал шаруашылығындағы және жемшөп өндірісіндегі асыл тұқымдық іс саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; "Жайылымдар туралы" заң шеңберінде жайылым пайдаланушылардың жайылымдарды, сондай-ақ елді мекен жерлерін тиімді пайдалануына талдау жасау; мал шаруашылығындағы және жемшөп өндірісіндегі асыл тұқымдық істер мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен, партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіру; талдамалық ақпаратты орналастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, мал шаруашылығындағы және жемшөп өндірісіндегі асыл тұқымды мал ісі мәселелері бойынша депутаттық сауалдарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрінің блогында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған азаматтардың сұрақтарына жауаптар дайындау; анықтамалар мен басқа да құжаттарды жасау; Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2022 – 01.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870